Маңғыстауда тұрғындардан 133 миллион теңгеден астам қаражатты алаяқтық жолмен иемденген 2 адам қамауға алынды.
Күдіктілер жәбірленушілердің ұялы телефонына қоңырау шалып, өздерін Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ұлттық банк қызметкерлері ретінде таныстырып, олардың сеніміне кірген. Жедел-іздестіру шаралары барысында тұрғындардың ақша қаражаттары 20-дан астам дропердің есепшотына аударылғаны анықталды.
Дроперлердің басым бөлігі Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері болып шықты. Олар қаражатты 26 және 21 жастағы тұлғаларға аударған.
Күдіктелер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Аягөз Оралбайқызы