Сарапшы: Ұлттық құрылтай – ұлттық идеологияның бастауы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшы: Ұлттық құрылтай – ұлттық идеологияның бастауы

23.12.2024

Ұлттық құрылтай – ұлттық идеологияны қалыптастырып, оны бекемдейтін алаң. Қазақстан жазушылар одағының төрағасы, құрылтай мүшесі Мереке Құлкенов осылай дейді. Өйткені келелі жиында ұлттың тағдыры мен болашағына тікелей әсер ететін маңызды мәселелер қаузалады. Мәселен, бұған дейін құрылтайдың үш отырысы өтіп, 300-ге жуық бастама көтерілген. Оның бәрі қазір республикалық деңгейде жүзеге асырылып, Парламент қабырғасында тиісті заң жобалары қабылданып жатыр. Биылдың өзінде 9 құжат түзетіліп, кейбірі қайтадан қабылданды. Арасында Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасы ету, мемлекеттік наградалар, ономостика, табиғи обьектілерді қорғау, есірткіге және лудоманияға қарсы күрес сынды түзетулер енген заң жобалары бар.

Мереке Құлкенов, ҚР Жазушылар одағының басқарма төрағасы, Ұлттық құрылтай мүшесі:

Бүкіл идеологияны ұйымдастыратын, реттейтін, жөнге салатын – Ұлттық құрылтай деп есептеймін. Сондықтан келесі Ұлытауда болатын Ұлттық құрылтайда осындай үлкен мәселелерді көтеріп, алдымызда біздің балаларымыздың тәрбиесіне байланысты көптеген мәселелер бар соның бәрі көтеріледі деп ойлаймын.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу