Жергілікті жолдардың 56 пайызына асфальт төселмеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жергілікті жолдардың 56 пайызына асфальт төселмеген

23.12.2024

Қазақстандағы жергілікті маңызы бар жолдардың 56 пайызына немесе 39 мың шақырымға қиыршық тастар мен топырық қана төселген. Асфальт пен бетон жабындысы жоқ. Осылай деген мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов еліміздегі автожол сапасын бағалау өлшемін өзгерту керек деп ұсыныс айтты. Себебі қиыршық тас төселген жолдар қанағаттанарлық деген санатқа жатады. Осылайша нақты жағдайды көре аламыз дейді, - ол. Ал «Қазавтожол» компаниясы бір уақытта екі функицяны атқарып отыр. Яғни жолды өзі салып, өзі бақылайды. Осылайша мүдделер қақтығысы туындайды. Мемлекеттік стратегияны жүзеге асыруда мұндайға жол берілмеуі керек, - деді Сабильянов. Мәжілісмен құрылысы ұзаққа созылған маңызды жобаларға бақылауды күшейту керек деген ұсынысын да жеткізді.

Нұртай Сабильянов ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Мысалы, «Қалбатау – Майқапшағай» тас жолын жөндеу 2019 жылдан бері бес жылға жуық уақыт жүргізіліп келеді. Бірақ жөндеу жұмыстары әлі күнге дейін аяқталған жоқ. Ұзындығы 412 км болатын республикалық маңызы бар «Қызылорда – Жезқазған»  автожолы ең үлкен мәселе болып отыр.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу