Тамыздың 12-сі - Халықаралық жастар күні. Осыған орай барлық өңірде бір апта бойы жастарды дамытуға арналған түрлі шаралар ұйымдастырылады. Жеті күнге созылатын ауқымды акция Астанада «Жасампаздық энергия» тақырыбындағы конференциядан бастау алды. Қатысушылар қазақстандық жастардың келешегі жөнінде сөз қозғады. «Жастар» ғылыми зерттеу орталығы жүргізген сауалнамасының қорытындысы бойынша өскелең ұрпақтың басым бөлігі мемлекеттің берген мүмкіндіктері жайлы хабарсыз көрінеді. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін апталық барысында ұйымдастырушылар жастарға мемлекеттік бағдарламалар жөнінде мейлінше мол ақпарат беруге тырысады.
Альбина ӘШІМ