Биыл елге 18 мың қандас оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл елге 18 мың қандас оралды

24.12.2024
Жыл басынан бері қандас мәртебесін 18 мыңнан астам этникалық қазақ алған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Отанға оралғандардың жартысынан көбі -- Қытай мен Өзбекстаннан көшіп келген. Қалғандары Моңғолия, Түрікменстан, Ресей және тағы басқа елдерден қоныс аударған. Олардың 57 пайызы еңбекке қабілетті болып саналады.
Ал 9 пайызы – зейнеткер. Қандастар елдің түрлі аймақтарына тұрақтанған.

Айта кетейік, еңбек күші тапшы өңірлерге қандастар қоныстандыруға мемлекеттік қолдау бар. Нақтырақ айқтанда, отбасының әр мүшесіне 258 мың теңге, ал тұрғын үй жалдау мен оның қызметтерін төлеу үшін бір жыл ішінде 55 мыңнан 110 мың теңгеге дейін беріледі. Жалпы, 1991 жылдан бері Отанға 1 миллион 146 мың этникалық қазақ оралған.

Темірлан Нұрсолтанов

Хабарламаларға жазылу