Қарағандыда туристік фирма басшысы 24 млн теңге қаржы жымқырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда туристік фирма басшысы 24 млн теңге қаржы жымқырған

24.12.2024

Қарағандыда туристік фирманың басшысына 24 млн теңгеден астам ақша жымқырды деген айып тағылды. Бұл туралы құқық қорғау органдары мәлімдеді. Ресми дерек бойынша, фирма директоры 2022-2023 жылдары туристік қызмет алуға жүгінген 21 азаматтың сеніміне кіріп, алдаған. Туристік қызмет көрсетуге шарт жасасып, міндеттемелерді орындау ниеті жоқ екенін біле тұра, жақын және алыс шетелдерге сапарға шығуға жолдама сатқан. Сотталушы 4 жыл 6 айға бас бостандығынан, 3 жылға туристік қызметпен айналысу құқығынан айырылуы мүмкін. 

Аида Ахметбек 

Хабарламаларға жазылу