Түркияда әскери зауыттағы жарылыстан 12 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда әскери зауыттағы жарылыстан 12 адам қаза тапты

24.12.2024

Түркияның Балыкесир провинциясындағы жарылғыш заттар шығаратын зауытта жарылыс болып, 12 адам қаза тапты. Тағы бес адам жараланған. Бүгін таңертең болған жарылыс туралы елдің Ішкі істер министрлігі хабарлады. Жарылыстың нақты неден болғаны әзірге белгісіз. Дегенмен ел билігі мұның террорлық акті емес екенін айтты. Алдын ала болжам бойынша апат техникалық қауіпсіздік сақталмағандықтан болуы мүмкін. Төтенше жағдай болған зауытты қазір әскерилер толық қоршап, бөгде адамдардың кіруіне тыйым салды. Жарылғыш заттар шығаратын бұл зауытта шамамен мыңға жуық адам жұмыс істейді.

Әли Йерликая Түркияның Ішкі Істер министрі:

Таңертең Балыкесирдегі бір зауытта себебі белгісіз бір жарылыс болды. Қазір оқиға орнында провинция губернаторы бастаған арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Олармен сәт сайын байланысып отырмын. Іс қозғалып, тергеу басталды. Аз уақытта жарылыстың нақты себебін анықтаймыз.

Айдос Әшімұлы


Хабарламаларға жазылу