Талдықорғанда саяжайлар қала құрамына қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда саяжайлар қала құрамына қосылады

24.12.2024

Талдықорғанда 2028 жылға дейін тұрғын құрылысының қарқынын төмендетпейді. Жетісудың бас шаһарында жыл сайын 1500 пәтер пайдалануға беру жоспарланған. 2025 жылы оңтүстік-батыс ауданда 400-ден аса пәтер, несиеге берілетін 12 үй және 108 пәтерлі жалға берілетін 4 көпқабаттты үй тапсырылады. Мұнан бөлек коттеджді қалашықта 100-ге жуық баспана кезекте тұрған азаматтарға беріледі. Сондай-ақ қаладағы бірқатар саяжайлардың мәртебесі өзгеріп, шаһардың құрамына кіреді. Қазіргі таңда қоғамдық тыңдаулар өткізіліп, құжаттар сараптамаға дайындалып жатыр. Бұл өз кезегінде саяжай аумағына, мектеп, балабақша, емдеу мекемелерінің құрылысын жүргізуге мүмкіндік береді.

Ернат Бәзіл, қала әкімі:

Жаңа жылдан кейін мемлекеттік сараптамаға өткізуге дайын тұр. Мемлекеттік сараптама екі айлық жұмыс қой. Наурызға дейін жұмыс бітсе, наурызда бекітіп алсақ, саяжайдың бәрі қалалық тұрғын үй алабы мәртебесін алады.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу