Солтүстік Қазақстан облысындағы Тайынша қаласының тұрғындары мерекеге орай кентті ерекше безендірген. Елдімекенде 13 мыңнан аса адам тұрып жатыр. Жергілікті әкімдік жаңа жыл мерекесіне орай «Ең сәнді үй» атты байқау жариялаған. Тұрғындар белсенділік танытып, үйі мен ауласын жарыса безендіруге көшкен. Шағын қала әсіресе түнгі уақытта ертегілер елі іспетті. Сәнді үйлер арасынан 5 отбасының еңбегі жоғары бағаланып, қаржылай сыйақы үлестіріліген.
Артем Шляйнинг, Тайынша қаласының тұрғыны:
Үйді безендіруге 70 мың теңгедей қаражат жұмсадым. Екі аптаға жуық уақыт кетті. Түнгі 3-ке дейін жұмыс істеген күндер де болды. Әр шамды жоспармен сатып алып, өз орнына ілдім. Отбасым өте қуанышты. Үйдің жанынан өтіп бара жатқан адамдар тоқтап, суретке түсіп, бәрін сұрастырып жатады.