Қазақстан 2025 жылдан бастап БРИКС-тің серіктесі атанады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан 2025 жылдан бастап БРИКС-тің серіктесі атанады

24.12.2024

Қазақстан келесі жылдан бастап БРИКС-тің ресми серіктесі болады. Елімізден басқа, бұл санатта Беларусь, Боливия, Индонезия, Тайланд, Куба, Уганда, Малайзия және Өзбекстан бар. Бұл туралы бірінші болып Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков мәлімдеді.

Артынша ақпаратты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі растады. Енді еліміз алдағы жылдан бастап ұйымның жиындарына, сыртқы істер министрліктерінің кездесулеріне шақырылып отырады.

Динара Жарқынбек


Хабарламаларға жазылу