Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды

25.12.2024

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды. Тәжікстан азаматы өз елінде аса ірі мөлшерде алаяқтық жасап, қашып кеткен. Күдікті полицияның ізіне түскенін байқап, жалдамалы пәтерде жасырынған. Сол жерде ұсталды. Бірер күнде еліне қайтарылады.

Ал Тереңкөл ауданында Қазақстанда уақытша тұру мерзімін бұзған Ресей азаматы ұстады. Шетелдікке айыппұл салынып, сот шешімі бойынша еліне жіберілді.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу