Сирияда оппозиция бірыңғай ұлттық армия құруға келісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сирияда оппозиция бірыңғай ұлттық армия құруға келісті

25.12.2024

Сирияда Башар Асад режимін құлатқан оппозициялық топтар қаруын тастап, ұлттық армия құруға келісті. Мұны осы елдің лидері Ахмед әл-Шараа мәлімдеді. Әскер жасақтау процесі Қорғаныс министрлігінің бақылауында болмақ.

Алайда Сирияның Солтүстік-шығысын басқаратын күрдтердің өкілдері, әл-Шараамен кездесуде болған жоқ. Дегенмен Сирияның жаңа лидері елдЕ мемлекетке бағынбайтын қарудың болуына жол берілмейтінін мәлімдеді. Бұған қоса, күрдтер тұратын аудандарды да біріктірудің тәсілін табатынын алға тартты.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу