Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль тиісті органдардың шақыртуын елемеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль тиісті органдардың шақыртуын елемеді

25.12.2024

Оңтүстік Кореяның президенті Юн Сок Ёль сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жауап алуға шақыртуын екінші мәрте елемеді. Юн сұрақтарға жауап беруге баруы тиіс еді. Ол өткен аптада да шақырылды.

Алайда бармаған. Агенттік президентті бүгін тағы бірнеше сағат күтетінін, әзірге қамауға алу туралы ордер бермейтінін мәлімдеді. Осы айда Оңтүстік Корея парламенті Юн Сок Ёльге әскери режим жариялағаны үшін импичмент жариялады.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу