Мемлекет қайраткері, тархан - Шақшақ Жәнібекке Қостанай қаласында ескерткіш орнатылады. 17-18 ғасырларда өмір сүрген Жәнібек Қошқарұлы Арғын тайпасынан шыққан Торғайдың тумасы.
Белгілі би, атақты қолбасшы. Жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақтың азаттық күресінің қаһарманы. Сол заманда елдің солтүстігін жаудан тазартқан да осы Жәнібек Қошқарұлының әскери жасағы. Ресеймен келіссөздер жүргізіп, бейбіт дипломатиялық қатынас орнатуға үлес қосқан мәмілегер. Тарихи тұлғаның ескерткіші қаланың батыс жақ кіреберісіндегі айналма жолдың ортасына қойылады. Қазір оның тұғыры дайындалып жатыр. Салт атты бейнесіндегі мүсіннің биіктігі 14 метрден асады.
Дәуренбек ӘБДІБЕК