Астана қалалық білім бөлімінің басшысы пара алды деген күдікке ілінді. Антикордың мәліметінше, күдікті бүлдіршіндерді балабақшаға қабылдағаны үшін қомақты қаражат алып отырған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі бөлім басшысы қызметін асыра пайдаланғанын айтады. Өз ұлын жеке балабақшаға жұмысқа орналастырғанмен іс жүзінде қызмет атқармаған. Қазіргі уақытта іс сотқа жіберілді.
Аида Ахметбек