Ақтаулық дәрігерлердің сұрауы бойынша Маңғыстауға Ақтөбе қаласынан дәрі-дәрмек жіберілді.
Альбумин, адреналин және ауырсынуды басатын препараттар ұшақ апатынан зардап шеккен науқастарға ауадай қажет. Бұл дәрілерді сақтаудың және тасымалдаудың өз ережесі бар. Яғни, әуе көлігімен алып жүруге болмайды. Сондықтан дәрі-дәрмектер жүк көлігіне салынған. Ақтаудағы емдеу мекемелеріне түске дейін жетуге тиіс.
Жақсыбек Кемал