Астанада такси қызметімен заңсыз айналысқан 42 шетелдік азамат елден шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада такси қызметімен заңсыз айналысқан 42 шетелдік азамат елден шығарылды

26.12.2024

Астанада такси қызметімен заңсыз айналысқан 42 шетелдік азамат елден шығарылды. Полиция қызметкерлері мобильді қосымшаларды пайдаланып, заңсыз жолаушы тасымалымен айналысқан шетелдік азаматтарды анықтады.

Жедел алдын алу шарасы аясында 95 шетелдіктің көші-қон заңнамасын бұзғаны белгілі болды. Олардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соның ішінде 40-тан астам адам сот шешімімен елден шығарылған. Сонымен қатар заңсыз шетелдік жұмыс күшін тартумен айналысқан 34 жұмыс беруші анықталған. Олардың кейбірі тиісті рұқсатсыз автокөліктерді жалға берген.

Қаракөз Тұрмағанбет


Хабарламаларға жазылу