Алматылықтар ұшақ апатынан мерт болғандардың рухына тағзым етті. Көңіл айтушылар Әзербайжан республикасы елшілігінің алдына гүл шоқтарын қойып жатыр. Әзербайжан елшілігінің өкілі кешелі-бері көңіл айту толастамай жатқанын, қиын сәтте қазақстандықтардың қайғыға ортақтасқаны үшін алғыс білдірді. Еске алуға қала тұрғындарымен қатар түрлі диаспораның өкілі жиналды.
Эврен Мүдеррисоғлу, Түркия Республикасының Алматыдағы бас консулы:
Кешегі болған жағдайдан кейін қатты көңілім түсіп тұр. Қазақ бауырларымыз бен әзербайжан бауырларымызға көңіл айту үшін келдім. Әзербайжан және қазақстандық бауырларымыздың әрдайым жанындамыз. Қазақ тапқандардың жақындарына сабыр тілейміз. Жарақат алғандарға шипа берсін.
Қуан Нұрақын