Әзербайжан халқы аза тұтып жатыр. Ел астанасы Бакуде мемлекеттік алаң мен басқа да ресми орындардағы ту түсірілді. Елдегі барлық мәдени шара тоқтатылды. Телеарналар хабар тарату кестесіне өзгерістер енгізді.
Мешіттерде марқұмдарға Құран бағышталып жатыр. Білім беру мекемелерінде оқу әдеттегідей жалғасады. Ал «Әзербайжан Эйрлайнс»Баку-Грозный-Баку және Баку-Махачкала-Баку бағыттары бойынша барлық ұшақ рейстерін доғарды. Бұл шектеу апатқа қатысты тергеу аяқталғанға дейін жалғасады.
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш ұшақ апатына байланысты қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. Дипломат барлық зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуін тіледі.
Арай Төлегенқызы