Шымкентте жаңа әуежай терминалы ашылды. Алғашқы рейспен Алматы-Шымкент бағыты бойынша 200-ге тарта жолаушы ұшып келді. Халықаралық талапқа сай соғылған нысан енді бұрынғыдан 10 есе артық жолаушыға қызмет көрсететін болды. Яғни 6 телескопиялық саты арқылы бір сағаттың ішінде 2 мың жолаушы сапарға аттанып, тағы бір жарым мың азамат Шымкентке табан тірейді. Жаңа терминалда 6 гектар жерге перон жасақталды. Шымкент әуежайы енді әлемнің 20-ға жуық әуе компаниясымен келісім жасап, түрлі мемлекетке жаңа рейс ашуды көздеп отыр.
Дария Қожамжарова, қалалық мәслихаттың депутаты:
Бұл - тек қана біздің қала арасында емес, жалпы Орта Азия мемлекеттеріне, Европаға жол ашу. Біріншіден, қомақты инвестиция. Екіншіден, туризмнің дамуы, үшіншіден, қаланың әлеуметтік құрылымдарының дамуы.
Ғани Қалмаханов