Орал қаласының іргесіндегі Деркөл кентінде бір мың жарым орындық жайлы мектеп ашылды. Жаңа білім ұясы осы аумақтағы үш ауысымды оқыту мәселесін толықтай шешпек.
Мектептің аумағы – 15 мың шаршы метр. Мұнда балалардың алаңсыз білім алуы үшін бар жағдай жасалған. Заман талабына сай жабдықталған 78 кабинет бар. Шеберханалар, спорт және акт залдары, кітапхана, коворкинг орталығы балаларлың білімге құштарлығын арттырары сөзсіз. Сондай-ақ инклюзивті білім беруді қолдау кабинеті мен STEM зертхана да ұмыт қалмаған. Әсіресе соңғы үлгідегі еңбекке баулитын шеберханалар жабдығы көздің жауын алады. Қазір мұнда 1 мың 300 оқушы қабылданған. Оларға 100-ге жуық мұғалім білім береді.
Жақсығали Жұмабай, қалалық №51 орта мектеп директоры:
Мектебіміздің ерекшелігі он блоктан тұрады. Жер көлемі – 3 гектар. Мектепте 3 мыңға жуық локерларымыз бар. Балалар сонда киімдерін тастап кетеді. Оқуымыз қаңтарда, ІІІ тоқсанда басталады. Алты коворкинг аймақ бар. Арнайы тақырып бойынша пікірталас өткізеді, хор айтады, пианиномыз тұр.
Ардақ Мұратқызы