Қарағанды облысында көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары басталып кетті. Облыста 3 мың тонна жанар-жағармай, 15 мың тонна азық-түлік қоры және 50 мың тонна инертті материал дайындалды. Су жүру қаупі бар 65 шақырым жерге бөгет салынды. Өзен арналарының осал тұстары бекітілді. Қаңтар айынан бастап төтенше жағдай қызметкерлері елдімекендерді аралауға шығады.
Роллан Есмағанбетов, Қарағанды облыстық ТЖД басшысының орынбасары:
Жеке бір инженерлік жоспар құрылды. Ең қауіпті учаске - Шет ауданы. Осы жылы Шет ауданында су алған елдімекендердің барлығы инженерлік құралдармен жабдықталып, орнатылды.
Жандос Бақытұлы