Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында құпия туннель анықталды. Түркістан облысы прокуратурасының мәліметінше, адамдар тобы қазақ-өзбек шекарасында ұзындығы 450 метрлік туннель салған.
Бұл жол арқылы күн сайын көлемі 5-7 тонна жанар-жағармай материалдарын контрабандалық жолмен шығарылғаны анықталды. Заңсыз әрекеттер шамамен екі айға созылған. Қылмыстық топтың барлық мүшесі ұсталды. Оның ішінде Өзбекстан азаматтары да белгілі болды. Сондай-ақ көрші мемлекеттен экспортталған жанармайдың ақша аудару схемасы әшкереленді. Қазіргі уақытта соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Базаркүл Отыншиева