Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабы оқырманға жол тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабы оқырманға жол тартты

27.12.2024

Алматыда «Шалқар» радиосының қызметкері, журналист Оңғар құралдың «Біз қалай сөйлейміз?» атты кітабының таныстырылымы өтті. Өңделіп, толықтырылған екінші басылымда Қазақ радиосы мен «Шалқар» радиосынан өткен «Біз қалай сөйлейміз?» және «Тіл мәдениеті» атты авторлық бағдарламаларының мәтіндік нұсқалары топтастырылған.

Жинақта тіл тазалығы, дұрыс сөйлеу мен сауатты жазу, терминдер мен ұғымдардың дұрыс аудармалары туралы айтылады. Сондай-ақ, сөз тіркестерін орнымен қолдану, күнделікті айтып жүрген сөздеріміздің дұрыс-бұрыстығын бағамдау түрлі тұлғалардың пікірлерімен талданып, тұщымды ойларымен дәйектелген.

Оңғар Құрал, «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының авторы:

«Тілді қалай қолданамыз? Дұрыс пайдаланып жүрміз бе» деген мәселеде осындай үлкен Зиялы қауымның былайша айтқанда портретін жасағандай болды ғой. «Жазылып алып түскен хабар аудио күйінше қалып қоймасын, оны біз халыққа ұсынайық» деп кітап етіп шығаруға тура келді. 

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу