Еуропаның бірнеше мемлекеті қар құрсауында қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропаның бірнеше мемлекеті қар құрсауында қалды

27.12.2024

Еуропаның бірнеше мемлекеті қар құрсауында қалды. Хорватия, Словения, Сербия, Солтүстік Македонияға жауған 80 см-лік қар көлік қозғалысын қиындатып, тасжолдар жабылды. Қалааралық теміржол қатынасы тоқтады. Бораннан Боснияда 200 мыңнан астам үйдің тұрғындары бірнеше сағат жарықсыз, жылусыз қалды. Ауа райының қолайсыздығынан мектептерде сабақ болмай, бірқатар кәсіпорын жұмысын тоқтатты. Синоптиктер «қар әлі бірнеше күн жауады» деп ескертуде.

Драшко Станивукович, Баналуке қаласының әкімі:

Қар толассыз жауып жатыр, ағаштар ауыр салмақты көтере алмай құлауда. Сондықтан халыққа жолға шықпай, үйде отыруға кеңес береміз.

Нави Аличих, Азаматтарды қорғау басқармасының директоры:

Жолды тазалап үлгермей жатырмыз. Тасжолда көліктер 12 сағат тұрып қалды. Сондықтан бірқатар аймақта төтенше жағдай жарияланды. 

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу