Шымкент қаласындағы 67 көпқабатты тұрғын үй апатты жағдайда. Олардың алды осыдан 80-90 жыл бұрын салынған. Қабырғасы әлдеқашан қақ айырылып, шатыры қирап қалғанымен барар жері болмаған соң тұрғындар әлі де осында тіршілік кешіп жатыр. Дені қала орталығында. Бір кездегі сәулетті саналған баспаналар қазір жапырайған кепеге айналған. Мұнан бөлек тағы 68 тұрғын үйдің зілзалаға шыдас бермейтіні де анықталған. Олар енді қайта жаңғыртылып, апатты үйлер реновация бағдарламасы аясында бұзылатын болды. Мегаполисте жаңа тұрғызылған баспаналардың да сапасы сын көтермей тұр. Құрылыс басқармасы былтыр ғана салынған 10 мыңнан астам пәтерді тексеріп, 500-дей кемшілік тапқан. Оған жол берген 5 құрылыс мекемесіне айыппұл салынып, лицензиясы алынды.
Олжас Тәжібаев, қалалық құрылыс басқармасының басшысы:
Кемшіліктерді болдырмау үшін құрылыс басқармасы тарапынан мердігер мекмелермен келісімшарт түзген кезде кепілдік мерзімі 5 жылдан 7 жылға созылды. Жауапкершілігін күшейту мақсатында міндеттемін техникалық қадағалаушы мен авторлық қадағалауғы жүктелді.
Ғани Қалмаханов