Алматыда 11 мыңға жуық нысанға сейсмикалық аудит жүргізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 11 мыңға жуық нысанға сейсмикалық аудит жүргізілді

27.12.2024

Алматыда 10 916 нысанға сейсмикалық аудит жүргізілді. Оның 1500-ден астамы – көппәтерлі тұрғын үй.

Қалғаны – азаматтық, қоғамдық ғимараттар. Сонымен қатар табиғи тәуекелдерді азайту мақсатында елу жылдан бері алғаш рет Мохнатка және Горельник тауларындағы беткейлер тазартылған. Бұдан бөлек, 2025-2026 жылдары жер сілкінісі туралы алдын ала ескертудің автоматтандырылған жүйесін жетілдіру үшін қосымша 70 сейсмостанция орнатылмақ.

Ернұр Медет


Хабарламаларға жазылу