Ғалымдар: Уақыт белдеуі ауысқан жоқ, тарихи қалпына келтірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалымдар: Уақыт белдеуі ауысқан жоқ, тарихи қалпына келтірілді

27.12.2024

Бүгін Алматыда бір топ ғалым бірыңғай уақыт белдеуінің адам денсаулығына әсерін талқылады. Дөңгелек үстелде жасалған баяндамалар мен ғылыми дәлелдерді топтастырып, резолюция жарияланды. Ғалымдар уақыт белдеуі ауысқан жоқ, тарихи қалпына келтірілді, дейді.

Нақтырақ айтсақ, Қазақстанда соңғы 100 жылда сағат тілі бірнеше рет жылжыған. Әлемдік тәжірибеге қарасақ, аумағы үлкен және ендік бағытта орналасқан Қытай, Үндістан, Иран, Түркия және Еуропаның барлық елі бір уақытты қолданады. Бұл экономиканы тиімді ұйымдастыру және көлік қатынастарын басқаруды жеңілдетпек.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі

Уақыттың адамның ағзасына, генетикасына, денсаулығына, сана-сезіміне, психологиясына, қалай әсер ететінін ғылыми тұрғыдан мықты зерттеулер де басталады. Нәтижелерді тағы да айтып кетейін, ашық көрсетеміз. Келесі жылдан бастап хабардар етіп тұрамыз.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу