Ресейде 70 миллионнан астам адам тұмауға қарсы екпе алды. Алайда елде мутацияға ұшыраған вирустардың көбеюіне байланысты науқас саны артқан. Сондықтан бірнеше өңірде коронавирусқа қарсы шаралар күшейтілді. Қоғамдық орындарда маска тағу міндеттеліп, кей шараларға қатысуға ковидтің бар-жоғын анықтайтын ПТР тест талап етіледі.
Геннадий Онищенко, дәрігер:
Одан бөлек, елде маймыл шешегі мен құс тұмауы да тарап жатыр. Сондықтан да вакцинациялауға баса көңіл бөлген жөн. Бүгінгі күні Ресейде жаңа бірнеше вакцина шығарылды.
Индира Бегайдар