Темір жол инфрақұрылымын дамыту және жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Темір жол инфрақұрылымын дамыту және жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

27.12.2024

2030 жылға дейін 5 мың шақырымнан астам жаңа темір жол салынып, 11 мың шақырым шойын жол жөнделеді. Транзиттік әлеуеттің ел экономикасындағы маңызын ескерген Мемлекет басшысы, көлік- логистика инфрақұрылымына осындай маңызды міндет жүктеп отыр. Тасымал саласындағы қажеттіліктті қамтамасыз ету үшін қандай жұмыстар жасалып жатыр? Серік Жұмабек айтады.
Соңғы 2-3 жылда ҚТЖ ұлттық компаниясы темір жол инфрақұрылымын дамытуда қарқынды жұмыс жүргізуде. Жөнделуі тиіс 11 мың шақырым жолдың 2800 шақырымы аяқталған. Қазір Достық- Мойынты, Дарбаза- Мақтаарал және Алматы станциясының айналма жолын қамтыған мың шақырымнан астам жаңа шойын жол салынып жатыр.
Еркін Мейірбеков, «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Ірі жобаларды іске асыру дирекциясы» филиалының директоры:
Негізгі құрылыс жұмыстарының аяқталуы арқасында Бескөл 19 разъезд, Мойынты- Балқаш темір жол учаскелерінде темір жол қозғалысын уақытша пайдалануға беру жұмыстарына қол жеткізілді. Жетіген мен Қазыбек темір жол станцияларының арасында айналма темір жол желісінің құрылысы жалғасуда. Биылғы жылы Алматы торабының айналма жол құрылысы бойынша жер төсемі толығымен аяқталды.
Қазақстан- Қытай шекара өткелдеріндегі тасымал да тұрақты өсіп келеді. Өткен жылы бұл көрсеткіш 28,3 млн тоннаға жетіп, рекордтық деңгейге жетті.
Әліби Төлегенов, «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Интеграцияланған жоспарлау дирекциясы» филиалы директорының орынбасары:
«Мойынты- Достық» учаскесіне екінші жол салу жұмыстарына қарамастан ҚХР тасымалдау жоспары мерзімінен бұрын орындалды. Бұл кезекті рекорд. Өткен жылға қарағанда өсім 12 пайыздан асты. Бүгінгі таңда компания локомотив және вагон паркімен толық қамтамассыз етілген.
Қазір, Қазақстанның жүк өткізетін 5 терминалы бар. Оның ішінде Қытайдағы Ляньюньган портындағы және Сиань қаласындағы терминалдарды айтуға болады. Алдағы екі жылда тағы тоғызы салынбақ.
Дамир Қожахметов, «KTZ EXPRESS» АҚ Бас директоры:
Биыл біз транскаспий халықаралық көлік бағыты маршруты бойынша 30 есе өсім көрсеттік. Бүгінгі таңда аталған транзиттік бағытта 330-дан астам контейнерлік пойыз жіберілді. Жүк 12 күн ішінде жеткізіледі. Сонымен қатар, биыл Иран-Казақстан-Қытай, Қытай-Әзірбайжан бағыттары бойынша пилоттық маршруттарды және Қытай- Казақстан-Өзбекстан бойынша жүк тасымалдауды жеделдеттік. Тағы бір маршрут Сиань- Селятино бағыты. Бұл бағыттар жеткізу мерзімдерін қысқартады және клиенттерімізге бизнестері үшін оңтайлы шешімдер ұсынады.
Салаға «Бір терезе» қағидаты мен цифрлық дәліз енгізілді. Нәтижесінде сұраныстарды өңдеу уақыты қысқарып, жұмыс өнімділігі артқан. Бұл өз кезегінде Қазақстанды халықаралық жүк жөнелтушілер үшін тартымды етті.

Серік Жұмабек

Хабарламаларға жазылу