Алматыда пластик жинайтын 53 фандомат жұмыс істейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда пластик жинайтын 53 фандомат жұмыс істейді

27.12.2024

Алматыда пластик жинайтын 53 фандомат жұмыс істейді. Бұл орындарда жыл басынан бері 5 мың дана пластик бөтелке жиналған. Барлығы ары қарай қайта өңдеуге жіберіледі. Келер жылы осындай құрылғылардың тағы 57-сін орнату жоспарланған. Олар ірі сауда орталықтары мен тұрғын үй кешендерінің аумағына қойылады. Аталған фандоматтар пластик және алюминий өнімдерді сұрыптап, қалдықтарын жинау үшін тиімді шешім болды, - дейді әкімдік өкілдері. Құрылғы жасанды интеллектпен жұмыс істейді. Бұл жобаны ірі қаржы ұйымдары да қолдаған. Яғни, олар экологияның бүлінуіне бей-жай қарамайтын тұрғындарды ынталандыру үшін сыйақы төлеу мәселесін қарастырып жатыр.

Әлішер Әбдіқадыров, қала әкімінің орынбасары:

Шаһардың коммуналдық қызметі арықтардан тәулігіне 60 тонна қоқыс шығарады. Оның 30%-ы пластик және алюминий бөтелкелер. Нейрондық желі арқылы жұмыс істейтін фандоматтар пластик және алюминий бөтелкелерді анықтап, олардың көлемі мен салмағын өлшей алады. Бұл құрылғылар экологияға оң әсерін тигізеді деп сенемін.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу