Биыл Парламент 104 заң қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Парламент 104 заң қабылдады

28.12.2024

Биыл Парламент 104 заң қабылдады. Ел назарында болған маңызды құжаттардың бірі – Әйел құқығы мен бала қауіпсіздігі туралы заң. Сондай-ақ, жасөсірімдерге буллинг жасағандар мен суицидке итермелегендер үшін де жауапкершілік күшейтілді. Одан бөлек, вейп саудасына тыйым салу, вандализм мен ойын бизнесін шектеу сынды құжат мақұлданды. Қазір Парламент қарауына алған тағы бірқатар заң жобасы бар. Соның бірі - инклюзивті білім беру.

Амангелді Толамисов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Биыл атқарылған жұмыстарға келетін болсақ, ең бірінші мынау кадр мәселесін шешу бағытында жұмыстар атқарылып жатыр. Соның ішінде атап өтетін болсақ, жеке көмекші, педагог-ассистент сияқты арнайы мамандар енгізілді. Тек қана білім беру емес, сонымен оны әрі қарай жұмысқа орналастыру бағытында да үлкен жұмыстар атқарылып жатыр.

Жанна Асанова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Мұның бәрі адам құқығына бағытталған. Әрбір азаматтың біздің елде комфортты түрде, жайлы түрде өмір сүруіне бағытталған заңдар. Сенат қабырғасынан 28 заң шықты биыл. Мәжілістен келіп түскен. Көптеген халықаралық келісімшарттар мақұлданды.


Хабарламаларға жазылу