Алматының басты нышаны, Іле-Алатауының інжу-маржаны «Медеу» спорт кешеніне биыл – 52 жыл. 1972 жылы дәл осы күні ашылған мұз айдыны теңіз деңгейінен 1691 метр биіктікте орналасқан. Аты әлемге танылған спорт кешенінде соңғы 20 жылда конькимен сырғанау спорты бойынша 200-ге жуық әлемдік рекорд орнатылған.