IATA жан-жақты және ашық тергеу жүргізуге үндеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

IATA жан-жақты және ашық тергеу жүргізуге үндеді

30.12.2024

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы Ақтау маңында болған ұшақ апатына қатысты жан-жақты және әділ тергеу жүргізуге үндейді. Мұндай мәлімдемені ұйымның бас директоры Вилли Уолш жасады. «Жолаушы тасымалдайтын ұшақтар ешқашан әскери операциялардың қасақана немесе кездейсоқ нысанына айналмауы керек. Әлем Чикаго конвенциясында бекітілген халықаралық міндеттемелерге сай 30 күн ішінде алдын ала есептің жариялануын асыға күтеді. Ал егер бұл қайғылы оқиға қақтығысқа қатысушылардың әрекетінен болғаны анықталса, кінәлілер жауапқа тартылуға тиіс», - делінген Уолштың IATA сайтында жарияланған мәлімдемесінде. Сонымен бірге халықаралық әуе көлігі қауымдастығы қарулы қақтығыстар жағдайында мемлекеттер азаматтық авиация қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс екенін алға тартты. 

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу