Қазақстан-АҚШ арасындағы өзара байланыс нығая түспек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан-АҚШ арасындағы өзара байланыс нығая түспек

31.12.2024

Дональд Трамптың билікке келуімен АҚШ-тың ішкі ғана емес, сыртқы саясатында да бірқатар елеулі өзгерістер болмақ. Дегенмен Америка Орталық Азия елдерімен, әсіресе Қазақстанмен өзара байланысты арттыруды жалғастыра бермек, - дейді 2008-2011 жылдар аралығында АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі болған Ричард Хогланд. Себебі АҚШ Қазақстан сияқты аймақтағы көшбасшы елмен екі жақты серіктестікті нығайтуға аса мүдделі екенін жеткізген. 

Ричард Хогланд, дипломат:

Трамп әкімшілігінің Орталық Азия елдеріне қатысты саясаты жақсы бағытта жалғасып, нығая түседі деп ойлаймын. Сонымен қатар АҚШ-тың C5 елдеріне барынша қолдау көрсетуі маңызды. C5-ке кіретін Орталық Азиядағы бес мемлекетпен шектеліп қана қоймай, Әзірбайжан мен Оңтүстік Кавказ елдеріне де қолдау көрсетіп, оларды C5-ке қосу маңызды. Мәселен, Оңтүстік Азия елдеріне қараңызшы. Олар бірігіп, соның арқасында жеткен жетістіктері көңіл көншітеді. Демек Орталық Азия елдері де осылай жасай алады.

Жалғас Сәдібекұлы


Хабарламаларға жазылу