Жылдың алғашқы күндерінде 200 адам қар құрсауынан құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жылдың алғашқы күндерінде 200 адам қар құрсауынан құтқарылды

06.01.2025

Жылдың алғашқы күндерінде 200-ге жуық адам қар құрсауынан құтқарылды. Оның 27-сі бала. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, соңғы 5 күнде боранда қалып қойған 22 көлік қардан шығарылған. Бұл күндері Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда облыстарында республикалық маңызы бар жолдардың біраз бөлігі жабылған еді. Қазір барлық бағыт бойынша жол ашық. Дегенмен бірқатар өңірде бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Сондықтан мамандар алыс жолға шықпауға кеңес береді.

Дидар Сәкенұлы, ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бас маманы:

Жыл басынан бастап ТЖМ құтқарушы бөлімшелері мен 199 адам оның ішінде 27 бала эвакуацияланды және құтқарылды. Жылыту пунктеріне 270 адам жеткізілді. Қысқы кезеңде жолға шығарда сақтық шараларын қолдану керек. Өзінің көлігінің техникалық жарамдылығы, міндетті түрде жылыту құрылғылары, майшам болуы керек. Азық-түлік бірінші кезекте болу керек.

Динара Жарқынбек


Хабарламаларға жазылу