Курьерлерге қойылатын талап күшейетін болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Курьерлерге қойылатын талап күшейетін болды

07.01.2025

Елімізде тағам таситын курьерлерге талап күшейді. Қаңтардың бірінен бастап олар медициналық тексеруден өтуге міндетті.

Демек, енді тапсырыс беруші курьерден жеке медициналық кітапшасын талап етуге құқылы. Қызмет көрсетушінің мінезіне де жіті мән берілмек.

Сондай-ақ тұтынушылар тапсырысты алған кезде қаптаманы тексеруге құқылы. Қабылданған стандарт мейрамхана, дәмхана, логистикалық компаниялар мен курьерлердің тағам жеткізу қызметінің сапасын арттыруға бағытталады. Астана тұрғындарының пікірінше, бұл талаптар, бір жағынан, тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Бұл талаптар өте орынды деп ойлаймын. Себебі қазір енді бәрінің иммунитеті слабый ма білмедім енді барлық гигиеналық, аурудың алдын алу дұрыс қой.
Ол тамақ қой. Жегенде оны ауырып қалуы мүмкін. Тамағы таза болмаса, ол жаман.
Курьерлер дегенде тамақты дайын бере салады ғой оларға. Иә, олар өздері істемейді ғой. Қорапшасына салады да, әкеле салады. Олар тамаққа ешқандай тиіспейді ғой дұрыс па?

Жаңа стандартта тағы бір міндеттеме бар. Ол — кәсіби гигиеналық дайындықтан өту. Демек, тағам жеткізетін курьерлер санитарлық нормаларды сақтауы тиіс. Бұл талаптарды коронавирус пандемиясы кезінен сақтап келеміз, - дейді жаңа талаптарға қатысты өз пікірін білдірген курьерлердің бірі.

2021 жылдан бастап жұмыс жасап жатырмын. Масканы киіңіздер, қолдарыңызды жуыңыздар деген сондай болды 2021, 2022. Жұмысқа кірген кезден бастап ондайды айтқан, иә. Негізінде баяғыда болған санкнижкам. Ол қазір қайда екенін білмеймін, шынымды айтайын.

Қаракөз Тұрмағамбет

Хабарламаларға жазылу