Президент Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады. Агенттік монополияға қарсы 97 істі тергеп-тексеруді аяқтады. Монополияға қарсы атқарылған шаралардың нәтижелері туралы есеп берді. Жоспарларымен таныстырды. Монополиялық нарықтардағы бағаға бақылауды күшейту үшін заңнамаға тиісті өзгерістер әзірленген. Сонымен қатар Марат Омаров Қазақстан футбол федерациясының президенті ретінде отандық футболдың әлеуетін көтеру және еліміздегі балалар мен жасөспірімдер спортын қолдау жоспарын таныстырды. Кездесу соңында Президент бәсекелестікті дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді.
Оңғар Алпысбай