Былтыр маусым айынан бастап Өскемен қаласында «Сергек» бейнебақылау камералары жұмысын тоқтатқан. Өйткені бұл құрылғыларды орнатып, оған қызмет көрсететін компаниямен жасалған келісімшарт мерзімі аяқталған. «Мерген» деп аталатын жаңа бейнебақылау камераларын орнату былтыр қыркүйекте басталды. Жаңа камералар бейнені өте жақсы сапада түсіреді. Ал жол бойында орнатылған құрылғылар көліктің жылдамдығын, жүргізушінің қауіпсіздік белдігін тақпағанын және ұялы телефонмен сөйлессе, оны да анық көрсетеді. «Мерген» жүйесі жылдамдықты асырған жүргізушілерді де алыстан анықтайды. Жаңа камералар арқылы соңғы 3 айда тек Өскеменнің өзінде 15 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.
Нұркен Мұқаев, ШҚО ақпараттық технологиялар орталығының бөлім басшысы:
Бұрын болған 1900 камераның орнына қосымша 1232 камера қосылып жатыр. Жалпы саны 5832 камера болады. Жолдың қиылысында, түзу жолда аппараттық кешен «Мерген» болады. «Мерген» ескі камераға қарағанда өте тиімді.
Олжас Керейхан