Семейде «Жас ұлан» мектебі оқушысына қол көтерген офицер сөгіс алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде «Жас ұлан» мектебі оқушысына қол көтерген офицер сөгіс алды

09.01.2025

«Жас ұлан» мектебі оқушысына қол көтерген офицер сөгіс алды. Оқиға Семейде болған. Видео желіге тарады. Бейнежазбадан офицердің оқушы басынан алақанымен екі рет ұрғанын көруге болады. Бұл жайтқа қатысты Абай облыстық Білім басқармасы түсініктеме берді.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, оқиға екі жыл бұрын болған. «Ол кезде оқушы бала 8-сыныпта, қазір 10-сыныпта оқып жатыр», - деді. Білім басқармасы оқиға болған сәтте, тексеріс жүргізіліп, қажетті шара қабылданғанын да жеткізді. Алдағы уақытта мұндай жайтқа жол бермес үшін, өзгеге сабақ болу үшін офицерді педагогикалық кеңеске шақырып, сөгіс берген.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу