Бүгін Қытай университеттеріне құжат қабылдау басталды. Олар қазақстандық студенттерге 44 грант ұсынып отыр. Үміткерлер 7 ақпанға дейін Қытайдағы жоғары оқу орындарына құжаттарын тапсыру керек.
Қытай Үкіметі бакалавриат, магистратура және докторантураға грант бөлді. Студенттер екі ел арасындағы келісім бойынша тегін оқиды. Оларға жатақханадан орын беріледі. Медициналық сақтандырумен қамтылады.
Шәкіртақы алады. Бакалавриатта білім алатындарға ай сайын екі мың жарым қытай юанымен стипендия беріледі. Ол шамамен - 180 мың теңге. Ал магистратура – 3 мың, докторантураға – 3 мың 500 юань стипендиясы қарастырылған. Үміткерлер Қытай стипендиялық кеңесі сайтында онлайн тіркеуден өте алады.
Самал Қабышева