Атырауда сібір жарасын жұқтырғандар толық емделіп шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда сібір жарасын жұқтырғандар толық емделіп шықты

10.01.2025

Атырауда сібір жарасын жұқтырғандар толық емделіп шықты. Былтыр қараша айында «Асыл-Агро» мал сою цехында өлген малдан сібір жарасы анықталып, карантин енгізілген еді. Сараптама қорытындысы бойынша, қасапшыдан теріге шыққан сібір жарасы расталып, облыстық ауруханаға жатқызылды.

Кейін тағы бір қызметкерден осы ауру анықталды. Бұдан кейін қаладағы ең ірі сауда орны «Дина» базарындағы ет павильонынан да сібір жарасы шығып, уақытша жабылды. Мамандар бұл жерлерді дезинфекциялады, қазір сауда орындары жұмыс істеп тұр.

Нұрсұлтан Нұрсейіт

Хабарламаларға жазылу