Тегін дәрі-дәрмек енді әлеуметтік әмиян қосымшасы арқылы qr-кодпен беріледі.
Жүйеге өзгеріс антикордың ұсынысымен енгізілді. Бұған Абай облысында анықталған заң бұзушылықтар себеп. Ресми ақпаратқа сай, былтыр аймақтың денсаулық сақтау саласына талдау жүргізілген. Оның барысында бірыңғай дистрибьютор «СК Фармация» медициналық препараттарды уақытылы жеткізбегені анықталды. Салдарынан тегін дәрі-дәрмектер жетіспей, пациенттер сатып алуға мәжбүр болған. Медициналық мекемелер жағдайды жасыру үшін «жалған рецептер» жазып отырған.
Айта кетейік, былтыр Абай облысында тегін дәрі-дәрмекке мұқтаж науқастар саны 14% өскен. Алайда жазылған рецепттер саны 24,8 мыңға азайғаны байқалады.
Аида Ахметбек