«Адамның бір қызығы бала деген». Бала құқы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Адамның бір қызығы бала деген». Бала құқы

12.01.2025

Кейқуат Оспанов есімді өзін емші деп есептейтіннің құйттай қыздың бойынан «жын шығару» әрекеті түсірілген бейнежазба тарап, жұрттың көзі шарасынан шықты. Қымбатшылық қысқан және қымбатшылықтың тоқтамайтынын білетін адамдар надандықтың кесапатын көріп тіпті ашуланады, сөз жоқ.

Жалпы, адам құқы, бала құқы деген фундаменталды дүниелер онша сақтала қоймайтын қоғамда заң диктатурасының орнауы да қиын. Өте қиын... Оспанов дегенге қыз баланың анасы өз еркімен барған.

 «Қызымның қылығына алаңдадым. Ол балаға тән емес әрекет істейтін. Кейқуат аға дұғасын оқыды, жындарды шығарды. Ондай адамдар керек» депті.

Былтыр Қызылордада оқушы қызға есірткі қабылдатып, қорлап, қорқытып, жезөкше болуға мәжбүрлегендер ұсталып, ұсталғанда аяқ асты анықталған жағдай, азып-тозудың қалай тамырлағанын тағы ұққанбыз.

Жыл соңына қарай секс-құлдыққа түскен оқушының ісіне орай бірнеше сот болды. Бес адамға үкім шықты. Қылмыстық іске тартылғандардың жалпы саны – 13. Қалған 8 адамның ісі прокуратураға жолданған.

Жылда жол апатынан, өрттен, терезеден құлап, суға батып және жан азабына түсіп, суицидтен өмірі қиылатын бала аз емес. Осы аптада Қарағандыда 2020 және 2022 жылы дүниеге келген екі бала өрт шыққан үйлерінде мерт болды... Бұған тек біздер, үлкендер кінәліміз. Қоғам ғана емес, мемлекет те.

Елдос Есенбол таразылайды.


Хабарламаларға жазылу