Ақмола облысында әмбебап құтқару бөлімшесі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында әмбебап құтқару бөлімшесі ашылды

13.01.2025

Ақмола облысының Макинск қаласында әмбебап құтқару бөлімшесі ашылды. Оның бірден-бір ерекшелігі - өрт сөндірушілер, құтқарушылар мен медицина қызметкерлерінің бір жерде орналасуы. Бұл төтенше жағдай кезінде жедел әрекет етуге және құтқару операцияларының сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Пилоттық жоба Қазақстанның құтқару қызметтері жүйесін жаңғырту аясында жүзеге асып отыр. Жаңа бөлімше 30 мыңнан астам тұрғыны бар бірнеше жақын елдімекендердегі қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Мамандандырылған бөлімше қажетті деген барлық құрал-жабдықпен жарақталған. Жаңа нысанда ас үй, жуынатын бөлме мен демалыс орындарынан бөлек, арнайы спортзалы да бар.

Шыңғыс Әрінов, ҚР Төтенше жаңдайлар министрі:

Бұл депо әмбебап болады. Медицина, құтқару жағынан өрт сөндіру жағынан болсын. Сол жолмен әрі қарай жүреміз. Жөндеу жұмыстары жүріп, жиһаз алынды, керек техника алынып жатыр. Өздеріне лайықты жағдай жасау үшін барлық шара жасалды.

Бибінұр Әмірханқызы

Хабарламаларға жазылу