Шымкентте картоп қымбаттап кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте картоп қымбаттап кетті

13.01.2025

Шымкентте картоп бағасы 400 теңгеге дейін қымбаттап кетті. Мегаполиске картоп негізінен Павлодар және Қарағанды облысынан әкелінеді. Сондықтан оның нарқы өндірушілерге тәуелді. Күн сайын өзгеріп жатқандықтан сауда орындарында қазір картоп бағасын тіптен жазбайтын болған. Әзірге азық-түлік бағасын тұрақтындыру қорынан ақша алған ірі сауда дүкендері ғана бағаны бұрынғы қалпында ұстап тұр. Әкімдік көктемде 10 мың тонна картоп жеткізу үшін шаруалармен келісім жасады. Биыл әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасын қалыпты деңгейден асырмау үшін 9 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген. Сарапшылар картоп бағасының өсуіне Ресей мен Белорусь тарыпанан сұраныстың артуы себеп дейді.

Жандос Ханиев, Шымкент қалалық ауылшаруашылық және ветеринария басқармасының бөлім басшысы:

Бағаны «GraMaD», «Magnum» сауда желілері айналымға қаражат алған соң арнайы комиссиямен бірге бағаны бекітіп қойғанбыз. Ал басқа сауда орындары мен базарларға күнделікті мониторинг жасаймыз.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу