Президент жұмыс сапарымен БАӘ-ге барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент жұмыс сапарымен БАӘ-ге барды

13.01.2025

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың Біріккен Араб әмірліктеріне жұмыс сапары басталды. Алдағы үш күнде Президент бірнеше кездесу өткізіп, халықарлық саммитке қатысады деп жоспарланған. Сондай ақ ІТ саласындағы бизнес өкілдерімен жыйын өткізбек. Оңғар Алпысбайұлы жалғастырады.

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың ұшағы Абу Даби әуежайына қонды.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Абу Даби әуежайынан БАӘ Вице-президенті шейх Мансұр бен Заид Әл Нахаян және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды.

Жалпы бірікен Араб әмірліктерімен Қазақстанның байланысы бекем. Былтыр 11 айда сауда айналымының көлемі 260 млн долларға жуықтаған. 2005 жылдан бері 4,3 млрд доллар қаржы құйған. Бүгінгің өзінде 500 ден астам компания ресми тіркелген.

Біздің нарыққа енді кіріп жатқандары да бар. Мәселен Masdar компаниясы Жамбыл облысында қуаты бір Гигаватт болатын жел электр станциясын салмақ. Келісім жасалды. Құрылысы келер жылы басталады.

Мәриәм Рашид Әл-Мазруи, Masdar компаниясы бизнесті дамыту және инвестиция бөлімінің жетекшісі:

Қазақстан – біз үшін орталық Азиядағы ғана емес, әлемдегі негізгі нарық, сенімді серіктес. Табиғи ресурстарға өте бай. Аймақтағы ең ірі электр энергиясын өндіруші. 2030 жылға қарай жасыл энергетиканың үлесін 15%-ға жеткізу жоспары бар. Осы орайда серіктес болып, үлкен жобаны жүзеге асыруға дайынбыз.

Ал ертең мемлекет басшысы Абу Даби орнықты даму саммитіне қатысады деп жоспарланған. Бұл жиын жаһандық бизнес көшбасшыларының, саясаткерлер мен кәсіпкерлердің басын біріктіретін орта ретінде белгілі.

Бауыржан Ысқақов, экономист:

Әлемдік мемлекеттер қандай да бір дамушы мемлекеттермен қарым қатынас жасаған кезде олардың әлемнің дамуына әсерін тигізетін форумдарға қатысудағы үлесімен бағалайды. олардың үлесі, ол жерде тек қана бақылаушы ғана емес қатысушы ретінде, өзінің ұстанымын бекітетін даму бағытымен байланысы бар мемлекеттерді олар өздерінің приоритетіне қояды. Бұл біздің экономикамыз үшін сыртқы саудамыздың нығайтуы үшін жақсы мүмкіндік.

Сондай-ақ жиын Қазақстанның Орталық Азиядағы көшбасшы ретіндегі рөлін бекемдей түседі. Яғни инвесторлдардың назарын аудару арқылы ішкі қажеттіліктерімізді жауып, елдің экономикасына серпін береміз.

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

Абу-Даби тұрақты даму саммитінде көтерілетін негізгі мәселе жаңартылған энегрия көздері және жастар үшін тұрақты болашақты қамтамасыз ету. Сондай-ақ жасанды интелект және цифрлық даму мәселесі де осы жиында қаузалады. Жалпы кез келген халықаралық жиынға қатысу сол жердегі көтерілетн мәселелер үшін ғана. маңызды емес. Бірінші кезекте елдер арасында байланыс орнату, тәжірибе алмасу. яғни қазақстанның әлемдік аренадағы абыройы мен иммеджін көтеру.

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу