Ресейдің «Газпром» компаниясы 1,5 мың адамды жұмыстан қысқартпақ. Бұл мәліметті компанияның ақпараттық саясат департаментінің бастығы Сергей Куприянов растады.
Соңғы 20 жылда Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі орталық аппаратта істейтін қызметкерлердің саны бірнеше есе өскен, жалақы қоры 50 млрд рубльге жетті. Forbes-тың мәліметінше, «Газпром» 2023 жылдың ең шығынды компаниялары рейтингінде бірінші орынға шыққан.
Қазан айының соңындағы жағдай бойынша компанияның 2024 жылдың үш тоқсанындағы шығыны 309 млд рубльге жетті.
Индира Бегайдар