Қостанай облысының Әулиекөл ауданында тағы да бруцеллез ошағы анықталды. Бұл жолы жұқпалы дерт Новоселов ауылындағы шаруашылықтан шықты. Жарты жыл ішінде жүйелі түрде жүргізілген тексеріс кезінде 150 сиырдың қанынан бруцеллез таяқшасы табылған.
Қазір ветеринар мамандар шектеу шараларын енгізуді қарастырып жатыр. Ұсыныс жан-жақты мақұлданса, ауру ошағы шыққан жерден мал мен мал өнімдерін әкетуге және әкелуге тыйым салынады. Бұған дейін осы Әулиекөл ауданындағы Калинин ауылында жүзден аса сиырдың бурцеллезге шалдыққаны анықталған еді.
Дәуренбек Әбдібек