Кеше Хорватия президенті Зоран Миланович президенттік сайлаудың екінші турында жеңіске жетті. Оған электораттың 74 пайыздан астамы дауыс берген. Мұны балқандық елдің мемлекеттік сайлау комиссиясы бюллетеньдердің 95 пайызы саналып болғаннан кейін хабарлады. Алдын ала мәліметке қарағанда, НАТО мен Еуропа одағының мүшесі Хорватияда дауыс берушілердің 44 пайызы сайлауға барған.
Екінші кезеңде Милановичтің қарсыласы Драган Приморач болды. Оны сайлаушылардың 25 пайызы қолдады.
Арыстан Рысбек